Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни басқармада – Түркия қонағы (ФОТО)

08.10.2015 4011 0 пікір

Астанада найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасынан келген Түркия үкіметінің жанындағы шетелдердегі түріктер және туысқан халықтар жөніндегі басқармасының Орта Азия және Кавказ елдері бойынша үйлестірушісі Суат Бейлур мырзаны  қабылдады.

Екі жақты кездесу барысында өкілетті маман деңгейінде корпоративтік жұмыс істеу салаларында ынтымақтастық бойынша сөз болды. Суат Бейлур мырза өз сөзінде Қазақстаннан Түркия мемлекетіне барып оқимын деушілерге жан-жақты көмек көрсетілетінін тілге тиек етті.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасының соңғы кезде байланысы жылдан жылға артып келе жатқанын қуанышпен жеткізе келе, Діни басқарма атынан алғыс білдіріп, қазақи дәстүр бойынша құрметті мейманға шапан жапты.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру