Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстан қажыларына сыйымдылығы 500 адамға жететін ұшақ қызмет көрсетуде

06.10.2015 3907 0 пікір

Қазіргі уақытта қазақстандық қажыларды елге тасымалдау жолға қойылды. Келіссөздер жүргізу нәтижесінде сыйымдылығы 500 адамға жететін үлкен әуекемесі бүгін (06.10.2015) Жидда-Алматы бағыты бойынша ұшты. Қажылардың елге келу жаңа кестесі құрылып, осы кесте бойынша әуерейстері орындалуда.

Қажылар әуежайда күтіп қалмау үшін ҚМДБ Қажылық Миссиясы қызметкерлері оларға алдын ала хабарлап, барлық рейстерге қажылардың уақытылы келуі реттелді. Айта кететін жағдай, қазақстандық қажылардың басым көпшілігі ұшуға тиіс Жидда-Алматы бағыты бойынша жоспарланған рейстер толық орындалды. Қажылардың қалған бөлігі Мәдина қаласындағы халықаралық  әуежайдан елге оралады.  Қажылық Миссиясының ұшақ рейстерін уақытылы реттеу жұмыстары Мәдина қаласындағы әуежайда жалғасады.

Қазақстан Қажылық Миссиясы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру