Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллахшукюр Паша-Заде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына қасиетті «Құрбан айт» мерекесіне байланысты құттықтау хатын жолдады.
Аллахшукюр Паша-Заде мейірімділік пен имандылық, адамгершілік сияқты рухани құндылықтар салтанат құратын қасиетті Құрбан айт мерекесі барша мұсылмандарға игілік пен жақсылық әкелсін деген тілегін жеткізген.
«Құрметті бауырым! Сізді және барша қазақстандықтарды күллі мұсылман жұртының ең қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Ұлық дініміз Исламды дамыту мен өркендету жолындағы қажырлы еңбегіңізге табыс тілеймін. Барлық ізгі тілек-ниеттеріңізді Алла Тағала қабыл етсін!», – делінген құттықтау хатта.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.10.2015
3934
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру