Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанада «Президент телерадиокешені» ғимаратында белсенді жастармен жүздесіп, дәріс берді.
ҚМДБ Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Бас мүфти дәрісіне студенттер, қоғамдық ұйымдардың белсенді жастары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, журналистер, жас ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа дұрыс діни ақпарат жеткізу, жат ағымның арбауына түсіп қалмауға шақыру, дін және қоғамның үйлесімділігін түсіндіру, дін және дәстүрдің сабақтастығын баяндау, дін және Отан ұғымын ашып, жіті әңгімелеу.
Кездесуде бүгінгі ұрпақтың тәрбиесі, имандылығы, олардың қоғамдағы орны, кейбір ұл-қыздардың өз-өзіне қол жұмсауы, жат ағымға кету себептері сөз болды.
«Жастардың қай заманда қоғамда өзіндік орны болған. Ата дінімізде де жастар жайлы көп айтылған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жастардың арасында жақсылары – қарияға ұқсағандары, ал қариялардың жағымсызы – жастарға ұқсағаны», – деген. Сондықтан әрбір иманды жас таңдаған мамандығы бойынша еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосуы керек. Қоғамда иманды мамандар көбейсе, мемлекетіміздің мерейі үстем болады», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Басқосу барысында Бас мүфти бірқатар сауалдарға жауап берді.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.09.2015
4100
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру