Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі халал өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың басшыларына Діни басқарманың сертификатын табыстады.
«Халал өнімді өндіру қоғамдағы ең өзекті мәселе. Халықтың денсаулығы, рухани болмысы күнделікті тұтынып жүрген тағамға тікелей байланысты. Сондықтан халал өндірісті дамытудың орны ерекше. Осы мәселелерді бір жолға қою үшін алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасай береміз», – деді «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев өндіріс ошақтарының басшыларымен кездесуінде.
«Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі «Турдиев» ЖК, «TURKUS GLOBAL TRADE» ЖШС, «Chocoland» ЖК, «Жастық Нан» ЖШС, «Ламиналь KZ» ЖШС, «ALGINAL.KZ» ЖШС, «Meat Processing and Service» ЖШС кәсіпорындарына Діни басқарманың сертификатын берді.
ҚМДБ баспасөз бөлімі
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.08.2015
5516
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру