Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі маман дайындау ісін қолға алды

26.08.2015 4036 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі білікті маман дайындау мәселесін шешуді қолға алды. Бұл туралы «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев халал саласын зерттеуші жас мамандармен кездесуінде айтты.

Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Биотехнология және тағам қауіпсіздігі» кафедрасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынысымен екі маманды оқуға қабылдады. ҚазҰАУ-дың «Биотехнология және тағам қауіпсіздігі» факультетінің магистратурасына қабылданған Маржан Айдарқызы мен Жанна Бержанқызы бір жарым жыл білімін жетілдіріп, Малайзия елінің жоғарғы оқу орындарынан тәжірибеден өтетін болады.

Айта кетерлігі, «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі халал өнімдерге қатысты шариғи талаптар мен халал өнімді стандарттаудың бүгінгі күндегі өзекті мәселелері төңірегінде Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында дәріс өтіп, 330 имам сертификат алып шыққан болатын.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру