Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында наиб мүфти, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың аймақтардағы баспасөз хатшыларын журналистер күнімен құттықтады.
«Асыл дінімізді насихаттауда, халқымызға дұрыс діни ақпарат жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше. Осы бағытта Діни басқарманың Баспасөз бөлімі, ресми сайттарымыз және аймақтағы баспасөз хатшылары өнімді еңбек етіп келеді. Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы.
ҚМДБ қызметкерлері қатысқан басқосуда наиб мүфти Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлын да айтулы мерекемен құттықтап, Бас мүфти атынан сыйлық табыстады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.06.2015
3803
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру