Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласы «Әл Мәдина» мешітінің жазғы сауат ашу курсының жұмысымен танысып, оқушылармен кездесті.
«Сіздер тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Осы елдің ертеңгі болашағыда сіздер. Сондықтан, әрқайсыларың парасатты, ізгі тәрбиелі, ата-анасын сыйлайтын иманды, адал, еңбекқор, кішіпейіл болуларың қажет. Пайғамбарымыз Мұхаммедте (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) кішкене бала кезінен бастап кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетіп өнегелі болған», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Оқу жылы аяқталған сәтте балаларға есігін айқара ашқан «Әл Мәдина» мешітінің сауат ашу курсына 6-15 жас шамасындағы 70 ұл бала мен 17 қыз бала қабылданған. «Әл Мәдина» мешітінің ұжымы бір ай бойы балаларға «Имандылық әліппесін» үйретіп, асыл дініміздегі көркем мінез, әдептілік, Құран жаттау пәндері бойынша дәріс өттіп қана қоймай, Отанын, ата-анасын құрметтеу секілді асыл құндылықтардың мәнісін тереңірек ұғындырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.06.2015
4113
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру