Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияның Қазақстандағы елшісінің діни істер жөніндегі кеңесшісі Ибраһим Йылмаз мырзамен кездесті.
Кездесуде Түркия мен Қазақстанның рухани-мәдени саладағы қарым-қатынасы жан-жақты сөз болды. Наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов Қазақстандағы діни салаға, әсіресе имамдардың білімін арттыруға үлкен үлес қосып келе жатқан Түркияның Діни басқармасына алғысын білдірді.
«Бүгінде Түркияның Діни басқармасы Қазақстандағы діни салаға қолдау көрсетіп келеді. Біздің шәкірттер Түркияда білім алуда. Имамдарымыз тәжірибеден өтуде. Аударма ісінде де сіздердің үлестеріңіз мол. Оқу-ағарту саласына қосып жатқан жұмыстарыңыз үшін Қазақстан мұсылмандары атынан алғыс айтамын», – деді Н.Тағанұлы.
Басқосуда Ибраһим Йылмаз наиб мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, діни саладағы жұмысына табыс, сәттілік тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.06.2015
3711
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру