Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти Ресей мүфтилер Кеңесінің төрағасын қабылдады (ФОТО)

10.06.2015 3803 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі қарсаңында Ресей мүфтилер Кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутдинді қабылдады.

Кездесуде Қазақстан мен Ресей елдерінің арасындағы рухани-мәдени саладағы қарым-қатынасы сөз болды. Сонымен қатар съезде қаралатын діни мәселелер туралы талқыланды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мәртебелі қонаққа Астанада 2015 жылдың 19 ақпанында өткен І республикалық имамдар форумында қабылданған тарихи құжаттар туралы баяндады. «Шынайы мұсылманның келбеті», «Имам этикасы» секілді құжаттармен танысқан Равиль Ғайнутдин бұл игі жобаны толық қолдайтынын жеткізді. «ТМД аумағында осындай құжаттарды қабылдауымыз керек. Сонда біздің жұмысымыз жүйеленіп, ортақ мақсатымыз айқындалады және байланыымыз да артады», – деді Ресейден келген қонақ.

Кездесуде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Аллаға шүкір, Тәуелсіздігіміз бен Елбасының салиқалы саясатының себебімен елімізде діни татулық қалыптасты. Татулық орнаған қоғамда дін де өркендейі», – деген пікірін білдірді. 

ҚМДБ Баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру