Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Иранның Мәдени өкілдігінің жетекшісімен жүздесті (ФОТО)

04.06.2015 3712 0 пікір

ҚМДБ-ның наиб мүфти, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы Мәдени өкілдігінің жетекшісі, доктор Асғар Сабери мырзамен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы рухани-мәдени байланыс жайлы сөз болды. Асғар Сабери жыл сайын Құран көрмесін өткізіп келе жатқанын баяндап, халықаралық деңгейдегі игі шараға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғысын жеткізді. «Қазақстан мен Иран арасында ынтымақтастықты арттыратын ортақ құндылықтар көп», – деді ол.

Ресми кездесуде Наурызбай қажы Өтпенов мұсылмандардың ауызбіршілігін арттыру қажеттігін қозғады. «Біздің Елбасы Иранға бірнеше рет сапармен барды. Осыған дейін рухани салада сіздің елде бірқатар кездесулер мен конференциялар ұйымдастырылды. Бұл басқосулар мұсылман үмбетінің бірлігін нығайтуға септігін тигізді. Иранда тұрып жатқан қандас қазақ бауырларымыз да бар. Оларға қажетті әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіліп келе жатқанына қуаныштымыз», – деді кездесуде наиб мүфти Н.Тағанұлы. 

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру