Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен еліміздің мешіттерінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай игі шаралар ұйымдастырылып, ас беріліп, Құран оқылды.
31 мамыр – Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Сталиндік қуғын-сүргінге зерттеушілер саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызады. Тарихшылардың айтуы бойынша, бұл оқиғалардан 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап шеккен. Тарих бетіне қаралы ізін қалдырған осынау оқиғаның құрбандарын ақтау, ерліктеріне тағзым ету тәуелсіздігіміздің арқасында қолға жетті.
Осыған орай, еліміздің әр өңіріндегі дін қызметкерлері облыс, аудан, ауыл әкімдіктерімен бірлесіп, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шараларын дәстүрлі түрде жалғастырып келеді.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.06.2015
3564
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру