Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда VI Республикалық Құран жарысы өтуде (ФОТО)

28.05.2015 4484 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен бүгін Алматы қаласы «Байкен» мешітінде «VI Республикалық Құран жарысы» өтуде.

Әр өңірден өкіл имамның ұсынуымен 3 үміткер қабылданды. Жарыс 30 параны толық жаттаған қарилар арасында өтеді. Жарысқа қатысушылардың оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланады. Сондай-ақ оқыған аяттарының мағынасы (тәпсірі) сұралады.

Алланың қасиетті Құранын жаттаған үміткерлер сайысы бүгін 17:30-ға дейін жалғасады. Ақтық мәре, қорытынды ертең сағат 09:30 анықталып, 13:00-де жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

 Жарыс жеңімпаздарыа құнды жүлделер тағайындалған:

1 орын – «Hyunday» автокөлігі
2 орын – « Daewoo Nexia» автокөлігі
3 орын – «Лада Приора»  автокөлігі
4 орын – Қажылық
5 орын - Умра

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. (Имам Бұхари)

Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген. (Имам Термизи)

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру