2015 жылдың 1 ақпанында сағат 10:00-де Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде республикалық Мәуліт мерекесі өтеді.
Рухани кеште ғибратты жыр-термелер орындалып, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетіледі. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ғибратқа толы өмірі жайлы уағыз айтылып, бейнероликтер халық назарына ұсынылады. Кештің маңызы мен мәнін арттыратын шара – пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар оқылып, сәлемдер айтылады.
Мәуліт кешіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және зиялы қауым өкілдері қатысады. Кеш соңында мұқтаж жандарға билеттен түскен қаржы есебінен қайырымдылық көмек көрсетіледі.
Ескерту: Мәуліт кешіне тек билет арқылы сағат 10:00-ге дейін кіруге болады.
Мекен жайы: Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысы. Басталуы: 1 ақпан, сағат 10:00-де.
Қосымша мәлімет үшін: 8 (727) 397-63-97
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.01.2015
5784
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру