Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: 30 имам Мәскеуде білім жетілдіреді

07.12.2014 4874 0 пікір

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласында имамдарды қабылдады.

Жуырда еліміз бойынша 30 имам «Мәскеу ислам институтында» екі апталық курста білімдерін жетілдіріп қайтпақ. ҚМДБ төрағасы дін қызметкерлеріне сәт-сапар тілеп, дұға жасады.

«Қазір Діни басқарма имамдардың білімін арттыруға үлкен мән беріп отыр. Имамдарды курсқа жіберу туралы біздің ұсынысымызды ресейлік әріптестеріміз қабыл алды. Бұл – үлкен мүмкіндік. Біз мұнымен шектелмей, Түркиямен, Мысырмен екі жақты келіссөздерге қол жеткіздік. Әрбір уақыттарыңызды дұрыс пайдаланып, білім алуға ден қойыңыздар. Алла Тағала баршамыздың білімдерімізді арттырғай», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Екі апталық білім жетілдіру курсында имамдар уағыз-насихат жүргізу әдіс-тәсілдері мен пәтуа шығару мәселелерінде ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмаспақ.  

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру