Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Хикмет» студиясына жаңа директор тағайындалды

21.11.2014 4496 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Хикмет» телерадио студиясының директоры Асылбек Әуезханұлының басқа қызметке ауысуына байланысты Ерболат Айтбайұлы директор қызметіне тағайындалды.

Ерболат Айтбайұлы 1983 жылы ОҚО, Шардара ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келген. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, 2009 жылы аталмыш мамандықтың магистратурасын тәмәмдады.

2001-2013 жылдар аралығында ОҚО, Мақтарал аудандық «Мақтарал» газетінде, Республикалық «НТК» телеарнасында, «Заң» газетінде, «NS» радиосында, «Әдемі-ай» журналында және «Қазақ Радиосында» тілшілік, рекдакторлық қызметтер атқарған. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚМДБ-на қарасты «Хикмет» телерадио студиясының бас редакторы қызметін атқарып, асыл дініміздің насихаты жолында жемісті еңбек етіп келген болатын.

Ерболат Айтбайұлын жаңа қызметімен ұжым атынан құттықтай отырып, алдағы атқарар шаруалар мен жұмыстарының жемісті болуына тілектестік білдіреміз.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру