Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ректор Жуда Абдулғани Басюни имамдар институтында дәріс оқыды

21.10.2014 4789 0 пікір

«Нұр-Мүбәрак» университетінің ректоры, профессор, доктор Жуда Абдулғани Басюни имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының жұмысымен танысып, имамдарға дәріс оқыды.

Келелі кездесуде доктор Ж.А.Басюни алдағы уақытта имамдарға дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісуге келісімін берді.

Институт директоры  Кенже-Әлі Мырзабаев университет ректорына өз алғысын жеткізіп: «Имамдардың білімін жетілдіру институты ұзақ жылдар бойы жан-жақты ойластырылып ашылды. Оқу орнында еліміздегі имамдар ғана емес, көршілес елдердің имамдары да келіп білімін жетілдіруде. Имамдар халал сертификат, ақида, ислам, ихсан, ғибадат, тәжуид, ахлақ пәндері бойынша білімдерін көтеруде»,-деді.

Институтта пәндер қазақ және араб тілінде оқытылады. Сондай-ақ, ғылым докторлары, кандидаттар мен жоғары білімді мұғалім, ұстаздар дәріс беруде.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру