Ұлық мейрам Құрбан айт қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астанаға көшті.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы «Алтын таға» мал базарына барып, құрбан шалып, Астана жұртшылығына ас берді. Бас мүфти Құрбан айт мерекесі алысты жақын етіп, туыстар арасындағы мейірім мен махаббаты арттыратынын айтты.
«Бүгін Құрбан айттың екінші күні. Жалпы Астана қаласы бойынша құрбандық 6 жерде шалынып жатыр. Бүгін осы базардың өзінде, 70-тен аса ірі қара шалынды. Әрине, бұл халықтың жағдайы мен имандылыққа бет бұрып жатқанының белгісі. Аллаға шүкір, тәуелсіздігіміз баянды болсын. Еліміз-жұртымыз аман болсын!», - деп тілегін білдірді өз сөзінде Ержан қажы Малғажыұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2014
5132
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру