Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Бас мүфти шәкірттерді қабылдады

30.08.2014 4473 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркиядағы имамдардың білімін жетілдіру оқу орны «Хасекиге» қабылданған шәкірттермен кездесті.  

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл дін мамандарын даярлауда озық тәжірбиесі бар «Хасеки» оқу орнына 20 шәкірт жібереді. Атылмыш білім ордасына арнайы діни сауаты бар, жоғары діни оқу орнын «өте жақсы» тәмамдаған шәкірттер таңдап алынды.

Кездесу барысында, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы білімді дін мамандарын даярлау мәселесін басты назарда ұстап, діни білім алып келген мамандардың елге алаңсыз қызмет етуі үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырылып жатқанын жеткізді.

Айта кетсек, өткен жылы «Хасекиге» 26 шәкірт қабылданған болатын. Қазіргі уақытта шәкірттердің 11-і Станбул қаласында, 15-і Кония қаласында білімін жетілдіруде.

muftyat.kz 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру