Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда дін қызметкерлері марапатталды

23.05.2014 4337 0 пікір

Мамыр айының  21-ші жұлдызында алыпшаһар Алматыда  қалалық әкімшіліктің басқаруымен діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті жиналысы өтті. Жиналысты қала әкімінің орынбасары, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің төрайымы Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы ашып, жиналыстың жұмыс барысымен таныстырып, жиынға қатысушыларға кезегімен сөз берді. Алқалы жиында сөз алған ҚМДБ апарат жетекшісі Ғилымбек Жәдігерұлы мен Алматы қаласы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы баяндама жасап ҚМДБ мен Алматы қаласындағы мешіттердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат берді. Осы жиында Алматы қаласындағы конфессияаралық және этносаралық келісімді, төзімділікті, тұрақтылықты нығайту бағытындағы еңбектері үшін:

ҚМДБ аппарат жетекшісі Ғилымбек Мәжиев;

Алматы Қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы;

Алматы қаласы Орталық мешітінің найб имамы Нұрмұхаммед Иминов;

Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресесінің директоры Құлмұханбет Маханбет;

Алматы қаласы Алмалы ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Кенжеәлі Мырзабай;

Алматы қаласы Жетісу ауданы «Әл Мадина» мешітің бас имамы Ермек Мұқатай; 

Алматы қаласының әкімі орынбасары және діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің төрайымы Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызының қолынан алғыс хаттармен марапатталды.

Біз де «Халыққа қызмет - Хаққа қызмет» деген қағиданы ұстанған дін қызметкерлерімізді шын жүректен құттықтап еңбектеріне жемістер тілейміз!

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру