Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти шәкірттерді қызметке бөлді

23.05.2014 4555 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Нұр Мүбарак» университетінің бітіруші түлектерін қабылдап, оларды қызметке бөлді.

«Дін өкілі мәнсапты мақсат тұтпауы тиіс. Қазір бізге ел игілігі үшін аянбай қызмет ететін уақыт. Халықты бірлікке шақыруда имамдардың рөлі орасан зор. Сондықтан имамдық сауапты да жауапты әрі абыройлы қызмет екенін ұмытпауымыз керек. Алла тағала қызметтеріңізге береке берсін», – деп дұға жасады Ержан қажы Малғажыұлы.

Биыл «Нұр Мүбарак» университетін 79 шәкірт тәмамдайды. Олар мешіттерде имамдық, ұстаздық қызметтерге бөлінді. Олардың арасында магистратураға түсіп, ілімін жалғастыруға ниет білдіргендер де бар.

 

www.muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру