Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құнды кітаптың тұсауы кесілді

20.05.2014 4782 0 пікір

Алматыдағы «Береке» мейрамханасында дінтанушы, «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Амангелді Еренғайыпұлы Әбдіхалықтың «Ислам әлемінің қасиетті орындары» атты жаңадан жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітап Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алғы сөзімен ашылған. Кітапта Сауд Арабиясы мен Палестина аймағындағы исламдық киелі орындар, атап айтқанда Мекке, Мәдина және Иерусалим қалаларының бай тарихы, оларың Ислам дүниесіндегі түрлі кезеңдердегі өзгерістері баяндалған. Бұл еңбек жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері мен дінтанушылар мен имамдарға және осынау исламдық киелі орындарды білсем деп қызығушылық танытушыларға арналған.

Тұсаукесер рәсіміне еліміздің белгілі азаматтары, олемпияда чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, «Қажылар қауымдастығының» төрағасы Еркін Дуанаев, «Зекет» қорының директоры Әлішер Спанов, «Иман» журналының Бас редакторы Оңғар Өмірбек және қажылар, діндарлар т.б. да азаматтар қатысты. Қатысушыларға кітап үлестіріліп, кең дастархан жайылды.  Қонақтар белгілі әншілер Ақжол Мейірбеков, Жәкен Омаров және Роза Әлқожалардың орындаудағы діни тамаша әндерді тыңдап, тамашалады.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру