Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, медресе шәкірттері арасында республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің әр аймағынан келген 9 медреседен 54 шәкірт қатысқан еді.
Олар 2 кезең бойынша Ислам тарихы, араб тілі, ақида, фиқһ пәндерінен сынға түсіп, сараптаудан өтті. ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев болашақ имамдарды қаржылай жүлдемен марапаттап, алғыс хат табыс етті.
Сонымен, ҚМДБ ғалымдарының шешімі бойынша, шәкірттер төмендегідей орындарға ие болды:
І орын
1. Құлжанов Темірбек – «Астана» медресесі (124 балл)
2. Саламат Әбдіжаппар – «Ақтөбе» медресесі (119 балл)
ІІ орын
1. Құрманғалиев Бекет – «Астана» медресесі (117 балл)
2. Қойшыбаев Нұрмахан – «Сарыағаш» медресесі (114 балл)
3. Асқаров Тоқтар – «Астана» медресесі (112 балл)
ІІІ орын
1. Төкеш Ерғали – «Астана» медресесі (108 балл)
2. Наурызалиев Изатулла – «Әбу Ханифа» медресесі (106 балл)
3. Қамалаш Серікжан – «Әбу Ханифа» медресесі (106 балл)
4. Қалибек Біржан – «Үшқоңыр» медресесі (102 балл)
Жүлде қоры:
1-орынға 70 000 теңге және ноутбук;
2-орынға 45 000 теңге;
3-орынға 30 000 теңге.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.04.2014
4303
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру