Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти поштасынан: Сібір қазақтары алғыс айтады

25.04.2014 4550 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының атына Ресей Федерациясы Азия бөлігінің Сібір аймағында тұратын біртоп мұсылман қазақтардан алғыс хат келді.

Осыдан біраз бұрын Бас мүфтидің ұйғаруымен шеттегі қандастарымызға кітап жіберілген болатын.    

«Сібір аймағы мүфтиятының мұсылмандарына қамқорлық жасап, қазақ тілінде «Дін және дәстүр», «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» және «Иман негіздері», «Сокровенное познание» сияқты діни әдебиеттердің 1000-нан астам данасын жібергеніңізге шын жүректен алғыс айта отырып, бұл амалыңызды Ислам дінін дамытуға қосқан зор үлес деп бағалаймыз. Себебі біздің өңірдің қазақ мұсылмандары өз ана тіліндегі діни әдебиеттерге өте мұқтаж болатын. Өңіріміздің дін қызметкерлері Сізге ризашылықтарын білдіруде», – делінген алғыс хатта.Сібірден жеткен үшбу хатта мүфтият қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Омбы қаласындағы «Хайыр-Ихсан» мешітінде «Дін мен дәстүр» атты кітаптың тұсаукесер салтанаты өтіпті. 

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру