2014 жылдың ақпан айының соңында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Алматы аймағы бойынша мешіт қызметкерлері аттестациялаудан өткен болатын. Сонымен аймақта өткен сараптама нәтижесі төмендегідей:
Алматы аймағына қарасты мешіттерде қызмет ететін 247 діндар тұлғаларға аттестация жұмыстары жүргізілді. Аттестация барысында 20 адам қызметтерінен босатылды, оның ішінде екі адамның қайтыс болуына байланысты қызметтері тоқтатылды.
Үздік емтихан тапсырған аймақ бойынша бірақ адам. «Жақсы» деген баға алғандар саны – 49. «Қанағаттанарлық» бағаға ие болғандар саны – 165. Ал 12 адам сынақтан сүрінді.
Алматы аймағы бойынша мешіттерде көп жылдан бері жұмыс істегендерді аттестациялау комиссиясының шешімімен ротациялау (ауыстыру) жұмысы жүргізілуде.
Ротация негізінде 3 имамның қызметтері ауысты, бұдан бөлек 34 қызметкерді ротациялау жоспарлануда.
Аудан имамдарына ауыл молдаларының біліктілігін арттыру мақсатында аудандық деңгейде де семинарлар ұйымдастыру керек екендігі тапсырылды.
ҚМДБ орталық аппараты
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.04.2014
4659
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру