Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Египет Араб Республикасына ресми сапармен барды. Бас мүфти Каир қаласында өткен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті Қамқоршылар Кеңесінің бесінші отырысына қатысты.
Басқосуда сөз алған Мысырдың Уақыптар министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма Қазақстан мен Мысыр арасындағы достық қарым-қатынас, мәдени-рухани байланыстың күн санап артып келе жатқанын баяндады. Қазақстандық делегацияны бастап барған ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов Уақыптар министрлігі мен Әзһардың «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетіне жасап жатқан қамқорлығы мен жақсылығы үшін алғысын жеткізді. Төраға бауырлас екі елдің қарым-қатынасы нығая беретініне сенім білдірді.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің дін саласындағы оң өзгерістер, жеткен жетістіктер мен нәтижелері туралы әңгімеледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кадр сапасына, діни оқу жүйесін жетілдіруге аса мән беріп отырғанын тілге тиек етті.
Мысырдың Жоғары білім беру министрі, мүфтиі, ғалымдары мен діндарлары қатысқан Кеңесте бірқатар мәселелер талқыланды. Қамқоршылар Кеңесінде оқу жүйесін жетілдіру жөнінде арнайы Комиссия құру туралы қарар қабылданды. Бұдан былай Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы Комиссияның мүшесі.
Талқылауда имамдардың білімін жетілдіру және Әбу Ханифа мәзһабын зерттеу орталықтарын ашу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, талапкерлерді университетке түсуге арнайы даярлайтын дайындық орталығын ашу туралы да сөз болды.
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.03.2014
4501
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру