Естеріңізде болса сайтымызға Құранды 3 күнде оқып үйренудің жаңа әдісі туралы жаңалық жариялаған болатынбыз. Бүгін сол курстың 1 айлық қорытындысын жасадық.
Алматы қаласы «Таугүл-3» мешітінде Құранды тез оқып үйрету әдісін қаңтар айының 20-жұлдызынан бастаған болатынбыз. Содан бері 100-ге жуық шәкірттер Құран оқып үйренуде. Шәкірттеріміздің арасында ақпан айының 20-жұлдызында емтихан өткізілді.
Емтихан ережесі бойынша үлкен көлемде жасалған 9-беттен тұратын Құран әліппесін тез және қатесіз әр-бір шәкірт ең жылдамы 2 минут 30 секундта ал ең ұзағы 6 минутта оқып бітірді. Дүйсебаев Рауан 2 минут 30 секундта бітірді. Үлкен ақсақалдарымыздан жасы жетпіс жастан асқан Сманов Ерген атамыз 5 минут 20 секундта оқып бітірді.
Ең ұзағы Күзетбаев Жарас бауырымыз 6 минутта оқып бітірді. Осы бір ай ішінде шәкірттеріміз емін еркін Құран оқып үйренуді меңгергендігін мақтанышпен айта аламыз. Сондықтан да Құран оқып үйренемін деушілерге «Таугүл-3» мешітімізге шақырмыз. Жиын соңында мешітіміздің бас имамы Орынбасар ұстаз барша шәкірттерімізге жамағатымыз Ерлан Хайруллаұлының шығарған «Не қиын?» атты өлеңді оқып берді.
Не қиын?
Өлім қиын өмірде өлім қиын, Өлім қиын мезгілсіз өлу қиын,
Өлгеннен соң болады ау, талай жиын. Туғаныңды жер қойнына беру қиын.
Мал сойылып абдырап ас береді, Жылау менен жоқтауды естіп тұрып,
Ақыретке пайда жоқ соқыр тиын. Тебіренбей, толғанбай тұру қиын.
Өлім қиын біліңдер өлу қиын, Ғайыпқа көрмеген соң сену қиын,
Сараңдарға садақа беру қиын. Имансыз қу нәпсіні жеңу қиын.
Биік заңғар шахарда тұрсаңдағы, Бәрінен де сенсеңіз ау жамағат,
Қабір болар келесі тұрар үйің. Қабірге имансыз боп кіру қиын.
Ерлан Хайруллаұлы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2014
5699
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру