«Қазақстан қажылары қауымдастығының» ұйымдастыруымен "Нұр" Қазақ Египет Ислам университетінде сүйікті Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айына арналған «Адамзаттың асыл тәжі» атты салтанатты мәуліт кеші болып өтті. Мәуліт – туылған сәт дегенді білдіреді. Мәуліт оқу – пайғамбарымыздың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы әңгімелесу, оны еске түсіру, оны мадақтау. Мәуліт – қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн саналады. Осылай деген белгілі актер Бекжан Тұрыс жүргізген мәуліт кеші қасиетті Құран оқумен басталды. Әнші Ербол Саргелов, ақын Ермек Есқожаев пен университет шәкірттері ортаға шығып, Аллаға мадақ, асыл пайғамбарымызға салауаттар айтты. Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен сыр шертетін слайд көрсетіліп, сахнадан хадистері оқылды.
"Нұр" Қазақ Египет Ислам университетінің ректоры, филология ғылымының докторы, академик Махмуд Фахми Хижази мен «Қазақстан қажылары қауымдастығының» төрағасы Еркін қажы Дуанаев елімізде құрбан айт, ораза айт, қадір түні секілді мәуліт айын да әр жыл сайын кеңінен тойлау дәстүрімізге дендеп еніп келе жатқанын, мұны әлі де болса насихаттаудың, ерекше құрметтеудің, күллі халық болып тойлаудың қайырлы іс екенін жеткізді. "Нұр" Қазақ Египет Ислам университетінің оқытушысы, теология ғылымының докторы Алау Әділбаевтың тебіреніске толы уағызын жиналғандар ұйып тыңдады.
Халық артисі Ескендір Хасанғалиев «О, Алла» атты илаһи әнін нақышына келтіріп орындаған соң, баласы Біржанмен қосылып шырқаған «Атамекен» әні-не көпшілік орындарынан тұрып, қошемет көрсетті. Сонау Сыр бойындағы Шиеліден ат арытып жеткен белгілі өнер иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, әнші, сазгер Әлмырза Ноғайбаевтың Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Мұсылмандарға хат» әні халық назарын аудартып, театр артистерінің «Аманат» атты қойылымы тағылымы молдығымен көпшілікке үлкен ой салды. Кеш соңынан жиналған қалың жамағат Мәуліт мере¬ке¬сіне арнайы жайылған ақ дастарқаннан дәм татты.
Төре Ғали
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.01.2014
9045
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру