Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары" атты кітап жарық көрді

30.11.2013 6341 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен казақ мәдениеті мен ислам құндылықтарын синкретизациялау жұмыстары жалғасын табуда. Жаңа еңбектер жазылып жарық көруде. Сондай-ақ, мүфтидің ұсынысымен ҚМДБ-ның діни уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Оңғаров Ершат Ағыбайұлының “Қазақ мәдениеті және Ислам құндылықтары” атты ғылыми монографисы жарық көрді.

Аталмыш жұмыс, баспаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан ұсынылып, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған.

Бұл ғылыми еңбек ислам дініндегі құндылықтарды мәдени антропологиялық феномен ретінде қарастырып, қазақ мәдениетіндегі ислам дінінің этикалық ұғымдар бастауларын философиялық, тарихи, мәдениеттану, дінтану секілді ғылымдар тоғысында, кең пәнаралық шеңберде зерттейді. Қазақстандағы мұсылмандық дүниетанымының аксиологиялық сипаттамасын мәдениеттанулық тұрғыдан талдайды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру