Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Батыржан Берденұлы Мансұров ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл және облыстық орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
Ал осыған дейін бұл қызметті абыроймен атқарған Амантай Сәдиевтің жұмысын жамағат жоғары бағалап, құрметпен шығарып салды һәм болашақта жұмыс жоспарларына сәттілік тіледі. Бас мүфти бұйрығын ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы оқып беріп, жамағатқа уағыз айтып, бірлікке шақырды.
Жаңа өкіл имам Батыржан Берденұлы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қабылдауында болды. Облыс басшысы өкіл имамды жауапкершілігі жоғары қызметімен құттықтап, өңірдегі діни ахуалды жақсарта түсуге тілектестік білдірді.
Батыржан Мансұров бұған дейін Алматыдағы «Таугүл-3» мешітінде наиб имам қызметін атқарды. Мысырда мұғалімдер дайындайтын курс тәжірибесінен өткен. Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты. Ол бірнеше мақалалар мен зерттеулердің, кітаптардың авторы.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.11.2013
6176
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру