Мұндай сұрақтың қойылуы заңды құбылыс. Діни басқарма бұған дейін «Зекет» қорына жинақталған қаржы сомасын өзінің ресми сайтында (www.muftyat.kz), төл басылымдарында («Иман» журналы, «Ислам және өркениет» газеті), өзге де мерзімді баспасөз бетттеріне жариялады. 2013 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында дін жанашырлары мен кәсіпкерлердің берген зекеті қайда, кімге, неге жұмсалғаны туралы мағлұматты дүйім жұртты хабардар етіп отырмыз. «Зекеттің» есеп-қисабы жайлы мәлімет беріп тұруға бекідік. Өйткені, Бас мүфти мүфтият жұмысының мөлдірлігі мен ашықтығына баса назар аударуда.
Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына тағайындалғаннан кейін араға бірер апта салып, «Зекет» қорының аймақтағы өкілдерін қабылдады. Сонда Ержан қажы Малғажыұлы қордың жұмысын жетілдіру жайлы қадау-қадау мәселе көтерді. Бас мүфти ең бастысы қаржының қайда жұмсалып жатқанын жұртымыз, жамағатымыз білуі тиіс екенін қадап айтты.
«Бізге бәрінен бұрын халықтың сенімі қымбат. Сенім қалыптасқан кезде ғана діннің жанашырлары қайырымды шараларға үлкен үлестерін қосатын болады. Сенім сейілген сәтте адамның жүрегіне күмән ұялайды. Сондықтан күмән болмау үшін ең алдымен жұмысымызға ашықтық қажет. Ашықтық бізді алысқа жетелейді», – деді Бас мүфти.
2013 жылдың 1 қаңтарына дейін қорға 52 682 143 (елу екі миллион алты жүз сексен екі мың бір жүз қырық үш) теңге жинақталғанын жаздық. Ал осы жылдың қаңтар мен қыркүйек айларында бес парыздың бірін орындауға ниет білдірген бауырларымыздан 33 705 557 (отыз үш миллион жеті жүз бес мың бес жүз елу жеті) теңгенің зекеті берілді.
Сонымен бұл миллиондар қайда кетіп жатыр дейсіз ғой? Ендеше, назар аударыңыз: еліміз бойынша жиналған қаржы қордың Жарғысы бойынша өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 155 ауыл имамдарына 20-30 мың, 5 Зекет қорының өкіліне 40 мың теңге жалақы төленуде.
Облыстан түскен зекет сол өңірдегі имамдардың һәм тұрмысы төмен отбасылардың игілігіне жұмсалып жатыр. 9 айда имам-молдаларға берілген жалақы 29 144 639 (жиырма тоғыз миллион жүз қырық төрт мың алты жүз отыз тоғыз) теңгеге жетті. Бұдан бөлек «Зекет» қорының ұйымдастыруымен жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы отбасылар мен тұрмысы төмен жандарға, жетімдерге республикалық қайырымдылық акциялары өткізілді. Оқуға қажетті құрал-жабдықтар тегін таратылды. Бір ғана мысал: Алматы қаласында 400-ге жуық балаға (әкімшіліктен берілген тізім бойынша) киім-кешек, сөмке, т.б. оқу құралдары үлестірілді. Оған қор есебінен 347 500 теңге бөлінді.
Қай өңірден қанша қаржы жиналды? Ол қайда, кімдерге жұмсалды? Кестеге көз жүгіртсеңіз болғаны. Жауабы дайын.
|
№ |
Облыс, қала, өңір |
«Зекет» қорынан жалақы алатын имам-молдалар саны |
Жинақталған қаражат мөлшері (теңге) |
2013 жылдың Қаңтар- қыркүйек айлары аралығында имамдардың жалақысы мен басқа да қайырымдылық іс-шараларға жұмсалған қаражат (теңге) |
|
1. |
Алматы қаласы |
8 |
14 276 019 |
6 627 868 |
|
2. |
Ақтөбе облысы |
|
376 060 |
- |
|
3. |
Ақмола облысы |
31 |
9 770 275 |
5 492 997 |
|
4. |
Алматы облысы |
|
18 750 |
- |
|
5. |
Астана қаласы |
1 |
3 795 000 |
2 877 935 |
|
6. |
Атырау облысы |
21 |
19 138 234 |
9 332 329 |
|
7. |
Батыс Қазақстан облысы |
32 |
10 014 850 |
7 496 340 |
|
8. |
Жамбыл облысы |
6 |
2 812 225 |
1 236 428 |
|
9. |
Жезқазған аймағы |
2 |
845 000 |
412 138 |
|
10. |
Қарағанды облысы |
8 |
2 790 728 |
1 995 331 |
|
11. |
Қостанай облысы |
12 |
7 451 131 |
3 193 196 |
|
12. |
Қызылорда облысы |
5 |
1 981 000 |
714 471 |
|
13. |
Маңғыстау облысы |
6 |
4 066 919 |
948 621 |
|
14. |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
2 |
613 260 |
336 000 |
|
15. |
Павлодар облысы |
10 |
3 888 921 |
982 419 |
|
16. |
Семей аймағы |
2 |
711 352 |
346 52 2 |
|
17. |
Солтүстік Қазақстан облысы |
7 |
2 593 318 |
1 132 760 |
|
18. |
Талдықорған аймағы |
2 |
867 450 |
338 279 |
|
19. |
Шығыс Қазақстан облысы |
|
377 208 |
- |
|
|
Барлығы |
155 |
86 387 700 |
43 463 634 |
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,
ҚМДБ баспасөз хатшысы
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.11.2013
6391
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру