

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының ХІІ отырысында осылай мәлімдеді.
«Кейбір адамдар белгілі бір діннің қасиетті болған құндылықтарына нұқсан келтіріп, дін өкілінің жеке тұлғасы мен оның ұстанатын дінін қорласа, оның бұл әрекеті өзінің наным-сенімі мен дінін қорлаумен бірдей екенін түсінуі тиіс. Біреуге қасиетті болған құндылықтар басқаларға келемеж немесе кемістік болмауы керек. Өкінішке қарай, осы бір қарапайым қағиданы орындауға келгенде, кейбір тұлғалар арасында немқұрайлылық байқалып жатқаны жасырын емес. Мұның соңы қауіп-қатер мен келеңсіздіктерге ұласып кететіні баршаға аян», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Бас мүфти адамзаттың өмірі имандылыққа, ізгілік пен ізеттілікке негізделмесе, сол қоғамда қасіретті жағдайлар орын алатынын алға тартты. Қатыгездік, өшпенділік, алауыздық ешкімді жақсылыққа жетелеген емес. ҚМДБ төрағасының ойынша, діндер арасындағы диалогты дамыту – бүкіл әлемдік жауапкершілік.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.09.2013
4831
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру