Елордада көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада брайль әдісімен діни дәрістер жалғасып жатыр.
Дәрістер аптасына бір рет, тұрақты түрде өтеді. Сабақты Көктал мешітінің ұстазы Мухлиса Өтегенова жүргізеді. Мұнда қатысушылар діни білімін толықтырып, Құран оқуды үйреніп жатыр. Қазір Брайль қарпімен Құран оқи алатындардың саны 20-ға жуықтады.
Айта кетейік, Мәуліт айында кітапханаға қаланың Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы барып, кітапхана қорына Брайль жүйесімен оқуға арналған Құран Кәрімнің көптомдық басылымын тарту етті. Сондай-ақ мұнда «Әзірет Сұлтан» және «Көктал» мешіттерінің имамдары мен ұстаздарының қатысуымен рухани-танымдық кездесулер, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп келеді.











.png)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
muslim.kz
19.11.2026
37
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру