Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қала имамдарына арналған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров ұстаз жүргізді.
Жиынды ашқан қаланың Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы ҚМДБ жұмысы негізінен төрт бағытқа басымдық беретінін еске салып, соның біріншісі – ихсан және насихат екенін атап өтті.
Ал Батыржан Берденұлы ихсанның мәні мен рухани тәрбиедегі орнын, оның құлшылықта да, адамдармен қарым-қатынаста да көрінетінін түсіндірді. Иман, ислам және ихсан ұғымдарының өзара байланысына тоқталып, оларды тиісінше ақида, фиқһ және тасаууф ілімдері зерттейтінін айтты. Сондай-ақ ихсанды тек құлшылықта емес, күнделікті өмірде де ұстану маңызды екенін жеткізді.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
muslim.kz
18.11.2026
52
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру