Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Дін қызметкерлері Жидебай мекенін зиярат етті

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.11.2026 6 0 пікір
ШҚО: Дін қызметкерлері Жидебай мекенін зиярат етті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Дархан дала» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының дін қызметкерлері Жидебай жеріне рухани-танымдық сапар жасады.

Сапарды ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды.

Дін қызметкерлері Жидебайдағы Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының кесенелеріне зиярат жасап, қос тұлғаның рухына Құран бағыштап, дұға етті.

Сонымен қатар, қатысушылар Абай мұражайын аралап, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына, қазақ халқының рухани-мәдени мұрасына қатысты құнды мәліметтермен танысты.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру