Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте «Munara tv» арнасының аудандық кеңсесі ашылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 31.10.2026 139 0 пікір
Шымкентте «Munara tv» арнасының аудандық кеңсесі ашылды

Шымкент қаласы Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде «Munara tv» телеарнасының жаңа кеңсесі ашылды. 

Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміровтің айтуынша, кеңседе ақпаратқа жауапты тілші, фототілші, монтаждаушы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар аз уақыт ішінде 20-дан астам әртүрлі тақырыпты қамтитын танымдық видео-роликтер әзірлеп үлгерген. Ал қызметкерлердің күнделікті жұмыс істеуіне ыңғайлы болуы үшін қажетті құралдармен толық қамтамасыз етіліпті.

Айта кетейік, бұл жұмыстар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында жүзезе асып жатыр.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру