Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде шәкірттер фиқһ пәнінен емтихан тапсырды

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 30.10.2026 62 0 пікір
Ақтөбеде шәкірттер фиқһ пәнінен емтихан тапсырды

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ұстаз Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен «Мұсылманның білуі тиіс 40 парыз» кітабы аясында фиқһ пәнінен емтихан өтті. 

Шараның мақсаты шәкірттердің діни білімін саралап, күнделікті құлшылыққа қажетті ғылымхал білімін бекіту.

Емтихан барысында 40 шәкірт «Тазалық» және «Намаз» тақырыптары бойынша жазбаша тест тапсырмаларын орындап, ауызша сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы өкілдігінде фиқһ, Құран тәжуиді және тәпсір пәндері бойынша дәрістер тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру