Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды

Зекет және қайырымдылық қорының баспасөз қызметі 29.10.2026 268 0 пікір
Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды

Қазақстанның бірқатар өңірінде Республика күніне орай мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді. Сауапты шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өтті.

Акция аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар жандарға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік себеттері үлестірілді.

Аталған қайырымдылық науқанына мешіт қызметкерлерімен бірге жергілікті еріктілер мен кәсіпкерлер де атсалысып, көмекті үй-үйге жеткізіп беруге қолдау көрсетті. Өңір тұрғындары жасалған қамқорлық үшін ризашылықтарын білдірді.  








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру