Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда «Мәзһабтардың шығу тарихы» тақырыбында діни-танымдық семинар өтті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 28.10.2026 100 0 пікір
Қарағандыда «Мәзһабтардың шығу тарихы» тақырыбында діни-танымдық семинар өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде діни қызметкерлерге арналған оқу бағдарламасы аясында «Мәзһабтардың шығу тарихы» тақырыбында ислам тарихы пәні бойынша діни-танымдық семинар өтті. 

Семинарды ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы жүргізді. Іс-шараға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған облысқа қарасты аудан-қала мешіттерінің дін қызметкерлері қатысты.

Оқу барысында мәзһабтардың қалыптасу тарихы, ислам ғылымындағы орны мен маңызы, дәстүрлі діни танымның ерекшеліктері туралы түсіндіріліп, дін қызметкерлерінің білімін тереңдетуге бағытталған маңызды мәліметтер ұсынылды.

Семинар соңында қатысушыларға оқу бағдарламасына қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды. Айта кетейік, аталған шара ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру