Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

БҚО облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 31.08.2026 23 0 пікір
БҚО: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

Батыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық аясында «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі шараның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету және олардың жаңа оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен қарсы алуына жағдай жасау.

Акция аясында көмекке мұқтаж 520 оқушыға мектеп сөмкелері, оқу құралдары, киім-кешек және басқа да қажетті заттар табысталды.

Қайырымдылық шарасына мешіт жамағаты мен жергілікті жомарт жандар да белсенді қатысып, балаларға қолдау көрсетті.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар қайырымдылық пен өзара қолдаудың қоғамдағы маңызына тоқталып, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру