Атырауда 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Республика күні қарсаңында Зекет және қайырымдылық қоры осындай игі бастама ұйымдастырған.
Шара барысында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиналған қауымға ізгі лебізін білдіріп, қайырымдылық пен өзара жәрдемдесудің маңыздылығына тоқталды. Бас имам мұқтаж жандарға қолдау көрсету – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі екенін атап өтіп, игі іске атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді.
Айта кетейік, мұндай игі бастамалар қоғамда ізгілік пен бауырмалдықты дәріптеп, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
amin.kz
23.10.2026
33
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру