Атырау облысында жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен өткен игі шара аясында өңір бойынша мыңға жуық балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен сыйлықтар табысталды.
Қайырымдылық акциясына облыстағы мешіттер де белсенді түрде атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына қолдау көрсетті.
Шара барысында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы ата-аналар мен балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Акция барысында балаларға мектеп сөмкелері, кеңсе тауарлары және оқу жылына қажетті басқа да құралдар үлестірілді. Бас имам бүлдіршіндерді сыйлықтарын жақсы ниетпен қабыл алып, жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен бастауға шақырды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
28.08.2026
31
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру