Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

15 Тамыз 2026

2 Рабиғул әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Маңғыстау: «Қайырымдылық көрсетудің жаңа қағидаттары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.04.2026 414 0 пікір
Маңғыстау: «Қайырымдылық көрсетудің жаңа қағидаттары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен барды.

Іссапар аясында қордың өңірдегі жауапты мамандарына арналған «Қайырымдылық көрсетудің жаңа қағидаттары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында қайырымдылық жұмыстарын жүйелі жүргізу, мұқтаж жандарға көмек көрсетудің тиімді жолдары, сондай-ақ зекет пен садақаны шариғат талаптарына сай үлестіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиында Маңғыстау облысының Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, қайырымдылық пен жанашырлықтың қоғамдағы маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, қайырымдылық саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Басқосу барысында қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеудің маңызы ерекше атап өтілді.

Жиын соңында өңірдегі қайырымдылық жұмыстарын жандандыру бағытындағы бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы жоспарлар пысықталды.
      

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру