Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен екінші жыл «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіретіміздің тапсырмасымен ҚМДБ Жастар ісі секторының жетекшісі Күзекбай Бағыжан қатысты.
Игі бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру. Бұл – табиғатты аялауға үндейтін, ел болашағына жасалған маңызды қадам.
Жыл басында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясына 2026 жылға арналған Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының «Айтулы шаралар» жоспары негізінде республика бойынша барлық мешіттерімізде дін қызметкерлердің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35 мың түп ағаш егу жұмыстары атқарылып, мыңдаған жеміс ағаштары мен көшеттер, сондай-ақ Арал өңірінде екі мыңға жуық сексеуіл көшеті отырғызылды.
ҚМДБ-ның ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35 мың түп ағаш егу жобасы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр. Айта кетейік, Еліміздің барлық мешіттерінде а.ж. 24-сәуірінде «Тазалық, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында жұма уағыз-насихаты айтылды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
27.04.2026
76
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру