Қасиетті Рамазан айында Шығыс өңірінде ұлттық дәстүрді ұлықтауға бағытталған «Жарапазан» челленджі кең қолдау табуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы өкілдігі қолға алған тағылымды бастама аудан-қалаларға жалғасып, оған өнер мен мәдениет саласының өкілдері белсене қатысуда.
Жергілікті мәдениет үйлерінің қызметкерлері, өнерпаздар мен дәстүрлі әншілер жарапазан айтып, ұмыт бола бастаған рухани мұраны жаңғыртуға өз үлестерін қосып келеді. Бұл шара Рамазан айының мазмұнын байытып қана қоймай, жас ұрпақты ата-баба салтына құрметпен қарауға үндейді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
02.03.2026
542
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру