
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Халифа Алтай» мешітінде «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында іс-шара өтті.
Айтулы жиынға әйел ұстаздар, ақ жаулықты әжелер, мешіт шәкірттері қатысты. Шараны ашып сөз сөйлеген өңірдегі Әйел-қыздар секторының жетекшісі, Өскемен қалалық «Мұхамади» мешітінің ұстазы Айзат Амирханова отбасылық құндылықтарды ардақтау, ұлттық тәрбиенің жастардың жүрегіне ұялату хақында ойын ортаға салып, бүгінгі жиынның өзектілігіне тоқталды.
Ол өз сөзінде: «Біз қыздар мен әйелдерге дәстүрлі отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға қатысты танымдық шараларды қолға алып отырмыз. Отбасы құндылығ қоғам үшін аса маңызды. Бұл туралы дінімізде ерекше айтылған» деді.
Жиында қазақтың тәрбиелік маңызы ислам тағылымындағы отбасылық тәрбие және әйелдің мәртебесі хақында насихат айтылды. Ақжаулықты әжелер өздерінің өмірлік тәжірибесінен сыр шертіп, жастарға кеңес берді. Сонымен қатар жиын барысында қасиетті Құранға түскен мешіт шәкірттеріне марапат беріліп, олардың білім игеруіне сәтті тілеп, дұға жасалды.
Марапатқа ие болған шәкірттер ұстазға алғыс білдіріп, білім жолында тынымсыз оқып үйренетіндіктерін білдірді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру