Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Өңір жастарының кездесуі ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 13.02.2025 839 0 пікір
Ақтөбе: Өңір жастарының кездесуі ұйымдастырылды

Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Исламдағы жастардың орны» атты өңір жастарының кездесуі өтіп, оған 500-ге жуық адам қатысты. 

Шара облыстың бас қариы, облыстық мешіттің наиб имамы Бекжан Әлденовтың Құран оқуымен басталды. Ізгілікке жол бастар жастар басқосуында өңір бас имамы Амантай Садиев шараның маңыздылығына тоқталып, бойда күш-қайрат пен ықылас толы кезең – жастық шақтың қадірін біліп, әрқашан да сауапты істерде алдыңғы қатардан табылуға үндеді. Асыл дініміз Исламды насихаттау жолында жастардың орны ерекше екендігін атап, Раббымыздың жолында ниет пен ықыласты қолбасшы қылып алуға бағыттады. Облыс жастарын әрдайым бірлік пен ыңтымақта болып жақсылықта жарысуға шақырды.

Сонымен қатар ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Жастар ісі секторының жауапты өкілі ретінде тағайындалған Аслан Қорғанды таныстырып, жаңа қызметіне сәтілік тіледі. Аталған игі шараға қатысушылар Ақтөбе қаласы мен шалғай аудандардан арнайы келді. Жастар жұмылған жиынды облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов жүргізіп, Ақтөбе облыстық маслихат депутаты, «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаев, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі, С.Бәйішев университетінің аға оқытушысы Шалғынбай Жандосов, Шымкенттен келген қонақ, жастар еріктісі, Грек-рим күресінен чемпион Ернұр Ғайниұлы, блогер, жастар белсендісі Азамат Жадырасынов сөз сөйлеп, ақ тілегін білдірді.

Жастар ісі секторының жауапты өкілі, «Досжан Хазірет» мешітінің ұстазы Аслан Дәуірханұлы кездесу мақсаты облыстық жастар ортасын қалыптастыру екендігін айтып, алдағы уақытта сектордың атқаратын жоспарларын таныстырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру