ҚМДБ Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен өңір имамдарына біліктілік дәрісі өтті. Діни біліктілік сабағын Бас мүфтидің кеңесшісі, белгілі ұстаз Смайыл Сейтбеков жүргізді.
Бас мүфти кеңесшісі өңір имамдрына тәжуид, ақида қатарлы негізгі салалар бойынша дәріс оқып, дін қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді.
«Қазіргі таңда әр имам өзінің діни білімін жетілдіріп, үздіксіз ізденісте болуының маңызы ерекше. Себебі Құранда айтылғандай білім деген шалқар теңіз. Күн сайын ғалымдарымыз асыл дініміздің рухани қатынасына тың еңбектер қосып, дініміздің мұрасын толықтай түсуде. Сонымен қатар халықтың да діни сауаттылығын арттыруға, сауалдарына дәйекті жауап беруге діни білімнің кемелденіп керек. Сол себепті де Бас мүфтидің «Бағдарлық баяндамасына» енгізілген жоспар аясында дін қызметкерлерінің біліктілігін назар аударып, осындай курстарды көптеп өткізіп жатырмыз» деді.
Діни білім арттыру дәрісіне өңірдің аудан, ауылдық дін қызметкерлері дерлік қамтылды. Өкілдік бойынша мұндай дәрістер жыл бойы кезең-кезеңімен үзіліссіз өткізіліп келеді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру