Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев Қармақшы ауданына іссапарында «Қармақшы ата» мешітінде жергілікті жамағатпен кездесу өткізді.
Дастан Жанасұлы «Бірлігі бекем жамағат» тақырыбында әсерлі уағыз айтып, жамағатты ауызбіршілікке, бір-біріне құрметпен қарап, ортақ құндылықтарды сақтау арқылы қоғамда ынтымақты нығайтуға шақырды.
Сондай-ақ облыс бас имамы Қармақшы ауданының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Дастан Жанасұлына марапатты аудан әкімі Жандос Еркінбек өңірдегі діни қызметті үйлестіру және қоғамда тұрақтылық пен татулықты сақтауға қосқан үлесі үшін табыстады.
Бұдан кейін Қармақшы аудандық мәдениет үйінде жастарға арналған маңызды кездесу өтті.
Жиын барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, оның ішінде жастар арасында жиі кездесетін құмар ойындарға тәуелділік (лудомания), нашақорлық, зорлық-зомбылық және деструктивті діни ағымдардың таралуы талқыланды.
Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев және ардагерлер, білім беру саласының мамандары, полиция қызметкерлері мен белсенді жастар қатысқан шарада ұлттық тәрбиенің жастарға дұрыс бағыт-бағдар берудегі орны ерекше екені атап өтілді.
Дастан Жанасұлы жастарды теріс ықпалдан сақтануға шақырып, ұлттық және рухани құндылықтарға сүйенудің маңыздылығын ерекше атап көрсетті.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
26.11.2024
1829
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру