Қарағандыда әйел-қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан облыстық байқау өтті.
Ашылу салтанатында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы алғы сөзін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауда Астана қаласынан арнайы келген ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы қазылық етті.
Құран жарысы 2 бөлімнен тұрады. Онда нәзік жандылар отызыншы пара және жарты пара аталымдары бойынша бақ сынады. Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен 40-қа жуық қатысушы жиналған. Ең жасы 7 жасар балақай болса, үлкендер арасында 50-ге келген аналарымыз болды.
Бір ерекшелігі, жарыс жүлдегерлерінің арасында бір отбасының мүшелері де болған. Жарты пара бойынша жеңімпаз атанған Айткенова Перизат ханымның қызы да, жүлделі орынға ие болған. Құранға деген махаббатын айналасына таратып жүрген әйелдерге Алла разы болсын. Әр аталым бойынша 3 жүлделі орын иегерлері анықталып, қосымша 6 адамға ынталандыру сыйлықтары берілді. Байқаудың жалпы жүлде қоры 500 мыңға жуық. Кеш соңында Құранмен өмірін ұштастыра білген арулар үшін ашық микрофон айдары жарияланып, онда олар өз тәжірибелерімен бөлісіп ізгі тілектерін айтты.
Жарты пара (Нәс-Фәжір) номинациясы бойынша жүлдегерлер тізімі:
1 орын- Айткенова Перизат 70.000 тг.
2 орын - Масғұт Тасним 50.000 тг.
3 орын Мусайбеква Гүлбану 30.000 тг.
30-пара номинациясы бойынша жүлдегерлер тізімі:
1 орын - Ақбергенова Гүлдана 100.000 тг.
2 орын - Абдулхадова Гүлпочо 70.000 тг.
3 орын - Мулоева Нукра 50.000 тг.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру